Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды (фото)

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралау барысында күмбездің тарихи келбетін сақтай отырып жүргізілген жаңарту жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

Атап айтқанда, кесененің желдеткіш қабаттары реттеліп, күмбез етегіндегі сегіз қырлы қосындыға гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағындағы тарихи орындар қайта қалпына келтіріліп, кесене алдына туристер демалатын қалың бау-бақшалы алаңқай салынған.

түркістан
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа атқарылған жұмыстардың барлығы ЮНЕСКО-мен келісе отырып жүргізілгені жөнінде баяндалды.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы бүгін жұмыс сапарымен арнайы Түркістан облысына барғаны туралы жазған едік.

Президент Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен, Мақтааралда бөгеттің жарылуынан зардап шеккен тұрғындарға салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өткен жылғы жарылыстан кейін қоймадағы оқ-дәрілерді кәдеге жарату және оларды тасымалдау жұмыстары жайында баяндады.

Бұдан бөлек президентке әскери құрал-жабдықтар мен арнайы техникалар таныстырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870429-prezident-koza-ahmet-asaui-kesenesine-bardy-foto/

pixel