Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да 12 жасар қызбен жыныстық қатынасқа барған тұрғынға үкім шықты

Опубликовано:

ер адам
Көрнекі фото: zen.yandex.ru

Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Анатолий Марченкоға қатысты үкім шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Аталмыш соттың баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Марченко Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігімен (жас баланы зорлау) айыпталған болатын.

Айыптау актісіне сәйкес, сотталушы 12 жастағы жәбірленушінің жас болуын және өз іс-әрекетінің мәнін түсінбейтінін пайдаланып, онымен жыныстық қатынасқа барған.

Алайда алқабилер істі қарай келе, көпшілік дауыспен жәбірленуші өзінің дене және психикалық дамуына сай өз әрекетін түсіне білген, жыныстық қатынас оның келісімімен жасалған деген қорытындыға келді.

Сотталушы күш қолданбаған, зорлық әрекеттеріне бармаған, бұл жерде 16 жасқа толмаған жасөспіріммен ерікті түрде жыныстық қатынас жасалған.

Алқабилердің шешімі жасырын дауыс беру арқылы қабылданады. Судья бұған ықпал жасай алмайды.

Осылайша сотталушының әрекеті Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігімен (бұл ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады) сараланды.

Алқабилер А.Марченконың бұрын сотталмағанын, бір жасар баласы бар екендігін, жағымды мінездемесін жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

Көпшіліктің дауысымен сотталушы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін 12 жылға бас бостандығынан айырылған Батыс Қазақстан облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870440-bko-da-12-zasar-kyzben-zynystyk-katynaska-bargan-trgynga-kim-sykty/

pixel