Қазақстанда өткен тәулікте 256 адам коронавирус жұқтырған

Опубликовано:

Дәрігер1
Көрнекі фото: Robert Alsburg / COPE

Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал туралы соңғы мәліметтер жарияланды. Кеше, 20 тамызда тағы 256 адамның коронавируспен ауырғаны расталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020 ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, соңғы тәулік ішінде тағы 256 адам коронавирус жұқтырған, олардың 103-інің ауруы симптомсыз немесе клиникалық көрініссіз.

Ел астанасында жаңа инфекция жұқтырғандар саны күрт азайды. Тәулік ішінде вирус тек 8 астаналықта расталды, олардың бесеуі ғана аурудың белгілерін сезінуде.

Алматыда 32 жаңа КВИ жұқтырғаны анықталды, олардың алтауында аурудың клиникалық көрінісі жоқ.

Үшінші мегаполис жаңа инфекциялардың ең аз санын тіркеуді жалғастыруда. 20 тамызда ПТР тесті 4 қала тұрғындарында коронавирус инфекциясы бар екенін растаған, олардың біреуінде ғана ауру белгілері мен симптомдары жоқ.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 8 / 3
  • Алматы қаласы - 32 / 6
  • Шымкент қаласы - 4 / 1
  • Ақмола облысы - 14 / 8
  • Ақтөбе облысы - 6 / 4
  • Алматы облысы - 9 / 4
  • Атырау облысы - 18 / 17
  • Шығыс Қазақстан облысы - 31 / 8
  • Жамбыл облысы - 8 / 6
  • Батыс Қазақстан облысы - 17 / 9
  • Қарағанды облысы - 22 / 12
  • Қостанай облысы - 12 / 1
  • Қызылорда облысы - 6 / 3
  • Маңғыстау облысы - 8 / 8
  • Павлодар облысы - 33 / 3
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 14 / 3
  • Түркістан облысы - 14 / 7

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 104 071.

Еске салсақ, коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік "Гам-КОВИД-Вак" вакцинасының жанама әсерлері белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870454-kazakstanda-tken-tulikte-256-adam-kvi-zktyrgan/