Алматы облысында селфи жасамақ болған екі жасөспірім қаза тапты (фото)

Опубликовано:

Құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеуде
Фото: Алматды облысы ТЖД

Алматы облысында ерекше сурет түсірмек болған жас жеткіншектердің ойы қайғылы оқиғамен аяқталды. Қауіпті жерде селфи жасағысы келген екі жасөспірім оқиға орнында көз жұмса, біреуін жедел түрде ауруханаға жеткізген. Балалардың үстіне бетон плитасы құлап кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік ТЖД-не сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кеше, 20 тамыз күні түстен кейін Бескөл ауылында орын алды. Төтенше жағдай департаментінде жағдайдың мән-жайын атап өтті. 15-16 жастағы үш жасөспірім қараусыз қалған екі қабатты ғимараттың ішінде суретке түспекші болған. Бір уақытта балалардың үстіне бетон плитасы құлап, оларды қысып қалды.

Екі жеткіншек оқиға орнында мерт болса, бір бала аяғын сындырып алды. Оны жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті.

Полицейлер оқиға орнында
Фото: Алматды облысы ТЖД

Анықталғандай, оқиға орнында жеті құтқарушы, арнайы үш техника, жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеді. Оған қоса, құтқару шарасына екі кран жұмылдырылды.

Құтқарушылар мен полицейлер оқиға орнында
Фото: Алматды облысы ТЖД

Құтқарушылар қазақстандықтарға қауіпті жерлерде селфи жасамауды еске салды. Олар қараусыз қалған немесе салынып бітпеген ғимараттарда, автокөлік трассаларында және теміржол үстінде, нысандардың үстінде, қауіпті жануарлардың қасында, жүзетін заттардың шетінде суретке түсуден бас тартуға шақырды. Мұндай жағдайлар кейбір кездері қайғылы оқиғалармен ақяқталып жатты.

"Адам өзін суретке түсірерде оның бар назары камерада болады. Сол себепті ол тепе-теңдікті жоғалтып, жан-жағына қарамағандықтан қауіпті сезінбейді" - деп түсіндірді ТЖД өкілдері.

Олар суретке тек қауіпсіз жерлерде түсуге кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870469-almaty-oblysynda-selfi-zasamak-bolgan-eki-zasspirim-kaza-tapty-foto/