Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы әскери госпитальге коронавируспен түскен соңғы науқас емделіп шықты

Опубликовано:

Алматыдағы әскери госпитальге COVID-19 індетімен түскен соңғы науқас емделіп шықты
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Бұдан бұрын коронавирус инфекциясымен түскен соңғы науқас Алматы қаласындағы Әскери госпитальден емделіп шықты. Ол 59 жастағы Галина Жукова.

«Қорғаныс министрлігі Әскери клиникалық госпиталінің бүкіл ұжымына жүргізген ем үшін алғысымды білдіремін. Дәрігерлер мен медициналық персоналдың жоғары білікті маман және жақсы дайындықтары көрініп тұрды. Әскери дәрігерлердің науқастарға деген қамқорлығы, жақсы күтімі мен ізгі қарым-қатынастары да байқалды. Дәрі-дәрмектер толық көлемде және үзіліссіз берілді. Тамақтану да түрлі әрі құнарлы болды», - деп өз ойымен бөлісті емделуші.

Алматыдағы әскери госпитальге COVID-19 індетімен түскен соңғы науқас емделіп шықты
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Жалпы әскери госпитальде 800-ге жуық адам, оның ішінде әскери қызметшілер емделіп шықты. Шамамен 40% науқас сырқаттың ауыр ағымымен қабылданған, сонымен қатар науқастардың жартысынан көбі коронавирустық инфекциядан бөлек қан айналымы жүйесі, тыныс алу органдары, эндокриндік патология секілді сырқаттары бар егде жастағы адамдар болды. Әскери дәрігерлердің алдында міндеттердің бірі ретінде індеттің асқынуын алдын алу және емдеу жүргізу еді.

«Біздің госпиталь эпидемияға қарсы қатаң режимде жұмыс істеу бойынша үлкен тәжірибе жинады. Медициналық персонал аталған патологиясы бар науқастармен жұмыс жасауға дайын, дәрігерлер мен медбикелер өздерінің міндеттерін жақсы біледі, талап етілетін қауіпсіздік шараларын сақтап, сонымен қатар түрлі күтпеген жағдайларда әрекет етуге әзір. Біз тәулік бойы жұмыс атқардық. Барлық дәрігерлер мен медбикелер аса жоғары кәсібиліктерін көрсетіп, танытқан қайсарлықтарының арқасында біз індетті жеңе білдік. Бүгін біз соңғы науқасты емдеп шығардық, бұл барлық медициналық персонал үшін үлкен қуаныш», – деді Алматы қ. Әскери клиникалық госпиталінің бастығы Самат Сәрсенбаев.

Алматыдағы әскери госпитальге COVID-19 індетімен түскен соңғы науқас емделіп шықты
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Әскери-медициналық мекеме бастығының айтуынша, госпитальдің материалдық-техникалық базасы науқастардың орналасуы мен тамақтану мәселелерімен қоса алғанда емдік-диагностикалық процесті толық көлемде жүргізуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, 3 тамыздан бастап Ресейден келген әскери дәрігерлермен бірлескен жұмыс басталды. COVID-19 індетінен емдеу мен тәжірибе алмасу бойынша біршама мәселелер пысықталды.

Айта кету керек, көптеген әскери медициналық мекемелер коронавирус індеті анықталған науқастарды емдеуге және оқшаулауға қатысатын емдік-профилактикалық мекемелер тізіміне енгізілген болатын. Медициналық мекемелер карантиндік, провизорлық және инфекциялық стационарлардың талаптарына сәйкес қайта құрылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870530-almatydagy-skeri-gospitalge-koronaviruspen-tsken-sogy-naukas-emdelip-sykty/

pixel