Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Activ оқу жылына орай жаңа "Білім" тарифін іске қоспақ

Опубликовано:

"Бiлiм" тариф
Фото: activ.kz

Оқу жылы басталар алдында activ жаңа «Білім» тарифін іске қосады. Тарифтік жоспар оқушыларға, мұғалімдерге және студенттерге арналып артық шығынсыз онлайн-оқыту процесі үшін әзірленді.

«Білім» тарифіне қосыла отырып, абоненттер ҚР БҒМ мақұлдаған Қазақстанның білім беру ресурстарына шектеусіз қол жеткізе алады, сондай-ақ, айына 990 теңгеге басқа ресурстарға 1 GB интернет-трафик беріледі. Тарифтік жоспарлардың толық шарттары мына жерде.

Сондай-ақ activ қолданыстағы тарифтік жоспарлардың абоненттері үшін ҚР БҒМ* мақұлдаған Қазақстанның білім беру ресурстарына тарифтелмейтін қолжетімділігі бар «Шектеусіз оқу» қосымша тегін топтамасы іске қосылады.

«Шектеусіз оқу» топтамасын келесі activ тарифтік жоспарларының абоненттері пайдалана алады: Супер Комфорт XS, Супер Комфорт S, Супер Комфорт M, Супер Комфорт L, Супер Комфорт Promo, Комфорт XS+, Комфорт S+, Комфорт M+, Комфорт L+, Комфорт XS, Комфорт S, Комфорт M, Комфорт L, Комфорт XL, Активті Start+, Активті Drive+, Активті Boom+, Активті PRO+, Активті Light+, Активті Boom, Сұхбат, Сұхбат+, Сөйлесейік, Алло Қазақстан 1, Алло Қазақстан 2, Алло Қазақстан 3, Алло Қазақстан XS, Алло Қазақстан S, Алло Қазақстан M, Алло Қазақстан L, Алло Қазақстан XL, Алло Қазақстан 2G, Қуаныш, Апта, Апта+.

Аталған тарифтік жоспарлардың абоненттері тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлемнің алынған жағдайында білім беру ресурстарына шектеусіз қол жеткізу мүмкіндігі бар топтаманы тегін қоса алады. Шектеусіз пайдалану мүмкіндігі оларға тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынған жағдайда беріледі.

Қосу үшін *812# пәрменін теру қажет.

Jańa желісінің тарифтерінде білім беру ресурстарын шектеусіз пайдалану мүмкіндігі тарифтік жоспарға қосылған.

«Қашықтықтан білім беруді қолдау мақсатында компания «Білім» арнайы тарифтік жоспарын іске қосу мәселесін пысықтады. Тарифтік жоспар ҚР Білім және ғылым министрлігі мақұлдаған отандық білім беру ресурстарын шектеусіз пайдалану мүмкіндігін қамтиды. Тариф қолданысқа енгізілді, сонымен қатар ағымдағы тарифтік желілердің абоненттері үшін біз білім беру ресурстарына тарифтелмейтін «Шектеусіз оқу» тегін топтамасын ұсындық. Бұл тариф пен топтаманың оқушылар мен мұғалімдерге оқу процесін онлайн режимде қолайлы ұйымдастыруға көмектеседі деп сенеміз», - деп атап өтті «Кселл» АҚ өкілдері.

«Білім» ТЖ мен қосымша топтаманың іске қосылуына байланысты 25-тамыздан бастап қашықтықтан оқуға арналған сайттарға трафик тарифтік жоспарыңызға сәйкес тарифтелетініне назар аударуды сұраймыз. «Шектеусіз оқу» топтамасын қосуды ұсынамыз.

«Білім» тарифтік жоспарында бөлек қосылу талап етілмейді.

*Шектеусіз пайдалануға болатын ресурстардың толық тізімімен мына жерден танысуға болады.

** PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870564-activ-oku-zylyna-oraj-zaa-bilim-tarifin-iske-kospak/

pixel