Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде тұрғын қонаққа барып, үй иесінің 325 мың теңгесін өзінің шотына аударып алған

Опубликовано:

ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбеде Kaspi қосымшасы арқылы 325 мың теңгені ұрлаған азамат қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

18 тамызда ақтөбелік азамат №4 қалалық полиция бөліміне ұялы телефоны ұрланғанын хабарлаған.

"Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушінің үйінде қонақта болып, оның ұялы телефонын ұрлап алып, Kaspi қосымшасы арқылы 325 000 теңге ақшаны өз картасына аударған Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, Алматыда 37 жастағы азамат интернет дүкеннің есігін сындырып кіріп, 16 миллион теңгесі бар сейфті ұрлап кеткен еді.

Қаскөйдің қылмыстық жоспарды жүзеге асыруға небәрі 10 минут уақыт жұмсағаны анықталды.

Сондай-ақ, бұған дейін Ақтөбе қаласының полиция қызметкерлері жарты сағаттың ішінде 3 тонау фактісін жасаған 24 жастағы тұрғынды ұстағанын хабарлағанбыз. Ер адам тонаушылық әрекеттерін бір уақытта жасаған.

Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында ер адам қылмыс орнында ұйықтап қалып, полицияның құрығына түскен болатын.

54 жастағы күдіктінің айтуынша, биылғы 19 шілде күні түнде ол мас күйінде жеке үйге кіріп, үй иелерінің жоқ екенін алдын ала біле тұра, азық-түлік өнімдерін ұрлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870588-aktbede-bank-kosymsasy-arkyly-325-my-tege-rlagan-adam-staldy/

pixel