RU

Қызылорда облысында жоғалған ер адамды туыстары бір жылдан бері іздеп жатыр (фото)

хайдаров
Фото: Әшірхан Хайдаров: instagram.com

NUR.KZ редакциясына 2018 жылдың желтоқсанында жоғалып кеткен Қызылорда облысы, Қараөзек ауылының тұрғыны Әшірхан Хайдаровтың туыстары хабарласты. Із-түзсіз кеткеніне көп уақыт болса да, олар жақынының тірі екеніне сенімді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әшірхан Хайдаров 1973 жылы туған. 2018 жылдың 16 желтоқсанында із-түзсіз жоғалып кеткен. Ол сол сәтте өзінің ауылы Қараөзектен Қараорынға қарай аттанған.

"Олардың көлігі Сырдария өзеніне құлады. Ертесіне көлікті алып шықты, бірақ денелері табылмады. Жарты жыл өткен соң, шамамен мамыр айында ағамның досының денесін тапты. Ал ағамды таппады. Іздестіру тобы өзен бойымен Шымкентке дейін барды", - дейді жоғалған ер адамның жиені Шахмардан.

Оның айтуынша, іздеу жұмыстары ұзақ жүргізілген. Алайда қазір тоқтап қалған. Туыстары Әшірханның көз жұмғанына сенбейді.

"Біз оның тірі екеніне сенімдіміз. Өйткені оның ұялы телефоны әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр және қоңырау қабылдайды. Сол себепті біреу танып қалар деп, біз оның фотосын бүкіл Қазақстанға таратуға тырысып жатырмыз. БАҚ-тан да көмек сұраймыз", - дейді үмітін үзбеген Шахмардан.

Редакция тілшісі Қызылорда облысы полиция департаментіне жүгінді. Алайда мекеме ресми сұраныссыз жауап бере алмайтындарын айтты.

Әшірхан Хайдаровтың туыстары оның қайда екенін білетіндерге сыйақы береміз деп уәде берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Грузиядағы туыстарына қонаққа барып, карантинге байланысты ұзақ уақытқа қалып қойған 13 жастағы алматылық Илья Пилпанидің жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

Ол 18 шілде күні велосипедпен серуендеу үшін үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Баланы куәгерлердің соңғы рет Ленджери ауылында көргендігі айтылды.

Кейінірек жоғалған баланы іздестіру жұмыстары Грузияның ішкі істер министрінің бақылауында екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870601-kyzylorda-oblysynda-zogalgan-er-adamdy-tuystary-bir-zyldan-astam-uakyt-izdep-zatyr/