Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте карантин кезінде той жасаған азамат жауапқа тартылды

Опубликовано:

Шымкентте карантинде той өтті
Видеодан кадр: Polisia.kz

Шымкенттік полицейлер бас санитар дәрігер шығарған қаулының ережесін елемей той өткізген жайтты анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзінің ғана емес, өзгелердің өміріне қауіп төндірген той ұйымдастырушыларының бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланған. Видео жазбадан қонақтардың ешбірі бетперде тақпағаны және әлеуметтік ара қашықтықтың сақталмағанын аңғару қиын емес.

“Facebook” әлеуметтік желісінде жарияланған думанды тойдың кадрын желі қолданушысы полиция қызметкерлеріне жіберген. Хабарлама бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел уәкіл қызметкерлері бұл жайт 19 тамыз күні сағат 22:20 шамасында Шымкент қаласы Тельман бөлімшесі, Қ.Дауылов көшесінде өтіп жатқан қыз ұзату тойы екенін анықтады.

Тәртіп сақшылары аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша жинақталған іс-құжаттарды Абай ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінін бақылау басқармасына заңды шешім қабылдау үшін жолданды.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі әнші Төреғали Төреләнің отбасындағы той Алматы полициясының назарына іліккенін хабарлаған болатынбыз. Полиция қызметкерлері дүбірлі шараға қатысты тексеріс жүргізіп, материалдарды жинап, шешім қабылдау үшін қалалық ТКҚСҚБК-ға жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870626-symkentte-karantin-kezinde-toj-zasagan-azamat-zauapka-tartyldy/

pixel