"Егеуқұйрықтар сияқты қашты": Лукашенко ел алдында қарумен бой көрсетті (видео)

Опубликовано:

Александр Лукашенко
Видеодан кадр: "Пул первого" Telegram арнасы

23 тамыз күні Беларусь президенті Александр Лукашенко Минскідегі Тәуелсіздік сарайына тікұшақпен келіп жетті. Қарулы күштер ғимарат маңындағы ауданды бірден қоршап алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресми дереккөздердің ақпаратына сүйенсек, мемлекет басшысы күні бойы ғимараттағы Жағдайлар штабында жұмыс істеген. Алайда, 23 тамыз күні кешке әртүрлі бағалаулар бойынша 200-300 мың қатысушыны біріктірген жаппай шерулер басталған.

Nexta Live ұсынған бейнероликте күні кеше өткен митингілердің барысы көрсетілді.

Көп ұзамай көптеген Telegrm арна Тәуелсіздік сарайының алдына жаппай қарулы күштер келіп, ғимаратты қоршап жатқанын жаза бастады. Одан кейін президент жағдайды көктен бақылау үшін Минскі қаласын тікұшақпен аралағаны да хабарланды деп жазады Tut.by.

Лукашенко қоршаулардан көшеге шегінген демонстранттарды "егеуқұйрық сияқты қашып кетті" деп мәлімдеді.

Ал "Пул Первого" арнасы президенттің ғимаратқа оралып жатқан сәтінен мобильді телефонға түсірілген видео таратты. Кадрлардан Александр Лукашенкның борттан бронжилетпен және автоматпен шыққанын байқауға болады.

Кейіннн үкіметтік "ОРТ телеарнасы" өз парақшасында президенттің сарай ғимаратына кетіп бара жатқан сәтінен видео бөлісті. Бірқатар дереккөз президенттің қасында толық дайындалған, қолына автомат ұстаған жігіт Лукашенконың 15 жасар ұлы деп мәлімдеп отыр.

Кейіннен Лукашенконың Тәуелсіздік сарайындағы барикададан шыққан видеолары тарады. Қарулы күштер президентке "Біз соңына дейін сізбен біргеміз" дейді. Ал Лукашенко оларға "Рахмет, жарайсыңдар" деп жауап қайырған.

Айта кетейік, осыған дейін Беларусь президенттігіне бұрынғы үміткер Светлана Тихановская елдегі ірі кәсіпорындардың жұмысшыларын ереуілдерге әрі қарай шыға беруге шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870730-egeukjryktar-siakty-kasty-lukasenko-el-aldynda-karumen-boj-krsetti-video/

jitsu gif