Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 34 адамы бар автобус аударылып қалды

Опубликовано:

автоубс
Фото: otyrar.kz

Бүгін таңертең Түркістан облысы Машат шатқалында жолаушылары бар Yutong автобусы аударылып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, 26 тамызда, сағат таңғы 6 шамасында Түркістан облысы Машат ауылынан 4 шақырым жерде ірі жол апаты орын алды. Бұл "Алматы-Ташкент-Термез" республикалық тас жолының 649-650 шақырымы.

Yutong жолаушылар автобусы "Алматы-Сарыағаш" бағыты бойынша жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, транспорт жол шетіне құлап, аударылып кеткен.

Осы сәтте салонда 34 адам болған. Оның жетеуі балалар. Жанармай төгілмеген. Ауруханаға 17 адам жеткізіліп, алтауы жатқызылған. Екі науқастың жағдайы ауыр. Пациенттер арасында балалар жоқ.

Басқа жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген. Оқиғадан қаза тапқандар жоқ. Жол апатының мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Еске сала кетсек, биыл 26 қаңтарда Ақтөбеде Самара-шымкент тас жолында тілшілер мінген микроавтобус аударылып қалған еді. Жол апатының салдарынан KAZ.NUR.KZ тілшісі зардап шеккен болатын.

Сондай-ақ, 18 қаңтарда Түркістан облысының Шардара-Келес тас жолында жолаушылар мінген "Старекс" көлігі аударылып қалған болатын. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам қайтыс болды. Сонымен бірге тағы бір адам түрлі жарақат алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871135-trkistan-oblysynda-34-adamy-bar-avtobus-audarylyp-kaldy/

pixel