Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның ең бай блогерлері бұрынғы өмірін көрсетіп ел жүрегін елжіретті (видео)

Опубликовано:

Ерболат пен Самал Жанабыловтар ұлымен
Фото: Instagram/zhanabylov_e

Ерболат пен Самал Жанабыловтар бүгінде Қазақстанның алдыңғы қатарлы топ-блогерлері қатарында тұр. Желідегі белсенділігінің арқасында қыруар қаражат тауып отырған жас отбасы мұндай нәтижеге бірден жете қойған жоқ. Ерлі-зайыптылар көпшілік ойлайтындай бай-бағландардың емес, қарапайым отбасыдан шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желіде аса танымал жұптың бүгінде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында бірнеше үйлері және соңғы маркалы қымбат көліктері бар. Ерлі-зайыптылар ата-анасына да көмегін аямай, оларға бағалы сыйлықтарды қарша жаудырады.

Жанабыловтар жанұясы өзінің әр қадамымен, әр ісімен әрдайым өз оқырмандарымен бөлісіп отырады. Олар 24 сағат бойы бір-бірімен байланыста жүреді.

Алайда, жас отбасының өз жанкүйерлеріне бұған дейін айтпаған көптеген сырлары да бар болып шықты. Ерболат пен Самал бұл жолы оларға барынша ашылып, танымал болмай тұрғандағы ауыр өмірі туралы бар шындықты айтып беруді жөн көрген.

Жас жұбайлар өзінің бұрынғы өмірі туралы фильм түсіріп көпшілік жүрегін елжіретті. Белгілі болғандай, блогерлер мүлдем бай отбасыдан емес, қарапайым жанұядан шыққан. Олар 19 жыл бойы қирауға аз қалған көне жатақханада тұрған. Қос ғашықтың алғашқы таныстығы мен кездесуі де сол үйдің қабырғасында орын алыпты.

Ерболат пен Самал да ол кезде болашақта мұндай жетістіктерге жетеміз деп ойламағандарын айтты. Алайда, махаббаттары тағдырдың талай сынағына төтеп беріп, соңында бақытты отбасыға ұласты.

Жас жұбайлар өз өмірбаянын жалпақ жұртқа мақтану үшін емес, жастарды жетістіктерге итермелеу әрі жігерлендіру үшін жария еткенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871141-kazakstanny-e-baj-blogerleri-bryngy-mirin-krsetip-el-zregin-elziretti-video/

pixel