Түркістан облысындағы таудан әйелдің денесі табылды

Опубликовано:

Тау
Фото: zakon.kz/ Шымкент ТЖД

Түркістан облысы Төлеби тауындағы үш күнге созылған іздеу - құтқару операциясы аяқталды. Шымкент ТЖД жедел құтқару жасағының 10 адамнан құралған екі тобы "Сайрам" мұздығының шыңынан 1981 жылы туған әйелдің денесін тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұл күрделі операцияға Шымкент қаласының альпинизм, спорттық туризм және мұз өрмелеу федерациясының 6 альпинисті жұмылдырылды. Құтқарушылар альпинистермен бірге 25 тамызда сағат 14.50-де қардың еруі салдарынан пайда болған мұздықтың жарықтарында қайтыс болған әйелдің денесін тапты.
Денені алғанда кез келген уақытта еріген қардың түсуі және жарықтың толып кетуі мүмкін еді. Оның тереңдігі 10 метрден асады, ені 50 см. Тар жарықта 6 метр деңгейде тұрып қалған марқұмның денесін шығару өте қиын болды", - деп хабарлады Шымкент ТЖД-де.

Ал 25 тамызда құтқарылған 1978 жылғы азаматтың жағдайы қанағаттанарлық. Айта кетейік, 23 тамызда "112" Құтқару қызметінде Сайрам - Өгем ұлттық табиғат саябағын аумағында туристер тобы тауға аттанып, жоғалып кеткені туралы хабар түскен.Олардың бірі Сайрам-су шатқалынан шығып кетуі мүмкін деді таудан түскен туристердің бірі.

Оқиға Сайрам-Су тау шатқалында "Сайрам" мұздығында, теңіз деңгейінен 4 236 м биіктікте болған. Анықталғандай, 5 адамнан тұратын топ тауға 23 тамызда көтерілген. Кейін олар таудан түсіп келе жатқан басқа топтан арқан сұраған. Олардың айтуынша, 1978 жылы туған ер адам мен 1981 жылы туған әйел шатқалға құлап кеткен.

Айта кетейік, күні кеше Алматы қаласында арықтан жаңа туған нәрестенің денесі табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871156-trkistan-oblysyndagy-taudan-jeldi-denesi-tabyldy/