Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында әйел адам кәмелетке толмаған қызды интимді видеомен бопсалаған

Опубликовано:

әйелдер
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер интимді видеоны таратамын деп жасөспірім қызды бопсалаған әйелді қолға түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісау ауданының тұрғыны полицияға арыз жазған. Ол осы жылдың маусым айынан бері өзінің кәмелетке толмаған қызын бейтаныс қыздың бопсалап жүргенін айтқан.

Ол ақша талап етіп, бермеген жағдайда интимді видеоны әлеуметтік желіге жариялаймын деп қорқытқан. Зардап шегуші тарап осы уақытқа дейін бопсалаушыға миллион теңге беріп үлгерген.

Полиция бірден "Бопсалау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Күдіктіге 120 мың теңге берген кезде полиция оны қолға түсірген.

Оның Мақтаарал ауданыда тұратыны анықталды. Одан айғақ ретінде ақша мен видеоматериалдар тәркіленген.

Тергеу жалғасуда. Тәртіп сақшылары істің мән-жайын анықтау үстінде. Күдікті ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған.

Еске сала кетсек, 20 жастағы бойжеткенді таңертең оқуға бара жатқан жерінде, төрт жігіт көлікке басып салып, алып кетеді.

Қызды көндіру үшін Шымкенттегі туыстарының үйіне алып барып, болашақ "күйеу жігіт" жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып күш қолданған.

Сот төрағасы жігіттің бойжеткенді зорланғаны дәлелденгенін жеткізді. Сот үкімімен үш жігітке жеті жыл, қызды зорлаған ер адамға сегіз жыл түрмеде отыру жазасын берілді.

Айта кетсек, осыған дейін Түркістан облысында 16 жастағы кәмелетке толмаған қыз жасы отыздан асқан жігітке тұрмысқа шыққанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871188-trkistan-oblysynda-jel-adam-kmeletke-tolmagan-kyzdy-intimdi-videomen-bopsalagan/

pixel