Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дастарханның үстінде суретке түскен жігіт елдің ашуын келтірді (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: Facebook/Бауыржан Карипов

Әлеуметтік желіде ақ дастарханға етігімен шығып, суретке түскен ер адамның суреті тарап, көпшіліктің сынына ұшырады. Оқырмандар хайп үшін осындай қадамға барған "азамат" заң алдында жауап беруі керек екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көптің ашуына тиген суретті Бауыржан Карипов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жүктеп, "Адам құқығын қорғайтындар мына суретке ешнәрсе демей ме? Сіз мына суретті көргенде қандай сезімде боласыз? Құқығыңыз, құндылығыңыз тапталмай ма?" деген жазба қалдырды.

Бұны көрген желі оқырмандары қазақтың ақ дастарханын "аяқ асты" еткен ер адамды аяусыз сынға алды.

"Сұмдық", "Хайп үшін осындай бассыздыққа барғанын қалай түсінсе болады?", "Кім болғысы келетіндігінде шаруамыз жоқ. Әр адамның таңдауы. Біреуді біз тәрбиелей алмаймыз. Оған қоса, заң тұрғысында оны кемсіте де алмаймыз. Тек ақ дастарханның үстіне шығып алғанына қынжыламыз", "Ақ дастарханға шығып алғаны жөн емес. Өзгелер үшін дастарханның қасиеті жоқ шығар. Бірақ қазақ үшін қастерлі екендігі ақиқат", "Бұндайлар заң алдында жауап беру керек", деп жазды олар.

Еске сала кетсек, осыған дейін әлеуметтік желіде беташар кезінде жас келінге футбол клубтарына сәлем салдырған жас актердің әрекеті тарап, көпшіліктің ашуын туғызған болатын.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұрсейіт Жылқышыбай Алматы көшелерінің бірінде кофе ұстап тұрған қазақ батырының суретіне шүйліккен болатын. Көпшілік креативке балаған бұл кескін журналистің намысына тиген.

Сонымен қатар, бұл суретке тележүргізуші Мақсат Толықбай да пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871197-dastarhanny-stinde-suretke-tsken-zigit-eldi-asuyn-keltirdi-foto/

pixel