Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сардиния жағалауында сегіз қазақстандық болған яхтадан өрт шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: Liguria Nautica/Youtube арнасы

Сардиния жағалауындағы яхтада өрт болды. Төтенше жағдай кезінде су көлігінде 17 адам болған, олардың сегізі Қазақстан азаматтары деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Францияның Voiles et voiliers басылымы төтенше жағдай 25 тамыз, сейсенбі күні болғанын хабардар етті.

Тілсіз жау салдарынан ешкім зардап шекпеген. Құтқарушылар барлық адамды эвакуациялап үлгеріпті. Яхтаның өзі де толық сөндірілген.

Өрт шыққан кезде су көлігінде 9 экипаж мүшесі мен 8 жолаушының болғаны айтылды. Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, жолаушылардың барлығы - Қазақстан азаматтары.

Басылым мәліметінше, 48 метрлік қымбат яхта Кайман аралдарында тіркелген. Ол Капри аралынан Порту-Серво курортына қарай бет алыпты. Өрттің себептері әлі анықталған жоқ.

Басылым дерегінше, Lady MM яхтасы толықтай өртенген. Қызыл жалынға оранған су көлігі 10 жолаушыға арналып жасақталған екен. Онда яхта иесінің нөмірі, VIP апартамент, екі орынды нөмір және екі орынды каюта бар. Техникалық бөлмелерде экипаждың 10 мүшесін орналастыруға болады.

Фото
Яхта Lady MM. Фото: ligurianautica.com

Liguria Nautica басылымы да төтенше жағдайға назар аударған. Басылым "мегаяхта" отбасымен және достарымен демалуға өте қолайлы екенін жазады.

Яхтаның бортында кондиционер,Wi-Fi, джакузи, жаттығы құралдары бар.

NUR.KZ редакциясы бұл жайтқа қатысты пікір алу үшін еліміздің сыртқы істер министрлігіне жүгінді.

Айта кетейік, бұған Каспий теңізінің жағасында ірі өрт шыққанын хабарлаған едік. Қызыл жалын 20 шақырым қашықтықтан көрінген. Өрт сөндірушілер батпақты аймақтың кесірінен өртке жақындай алмаған.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында қатты желдің салдарынан станцияда тұрған жүк вагондары өздігінен қозғалып, жүк пойызымен соқтығысқанын, салдарынан локомотивтен өрт шыққанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1871268-sardinia-zagalauynda-segiz-kazakstandyk-bolgan-ahtadan-rt-sykty-foto-video/

pixel