Қазақстандық экипаж "Танк биатлонында" тағы да екінші болып келді

Опубликовано:

Танк1
Фото: Қорғаныс министрлігі

Өз жалғасын тауып жатқан "Танк биатлоны" байқауында елімізден келген танкішілер бір күн бұрын, ресейліктерден кейін екінші болып мәреге жетті.

Жеке жарыстың кезекті кезеңіне командалардың екінші экипаждары қатысты.

Қазақстандық танкішілер трассадан сенімді өтіп, атыс шебіндегі барлық нысанаға қол жеткізіп екінші орынға ие болды. Танк биатлоны үшін арнайы дайындалған жауынгерлік машинада өнер көрсететін ресейлік экипаж ғана қазақстандық жауынгерлерді басып оза алды. Сондай-ақ оған қашықтықты өту кезінде белгілі бір артықшылық берді.

Танк3
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген танкішілер біздің экипажбен бір кездесуде өнер көрсетіп, үшінші және төртінші орындарға жайғасты.

Еліміздің танкішілері үшін жеке жарыс кезеңі 27 тамызда аяқталады. Ал, жартылай финалға шығу үшін командалардың үшінші экипаждары өзара күресті жалғастырады.

Танк5
Фото: Қорғаныс министрлігі

Естеріңізге сала кетейік, Мәскеу маңындағы "Алабино" полигонында "АрХО – 2020" жалғасуда.

Кеше қазақстандық танкішілер экипаждың жеке жарысында екінші орынға табан тіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871271-kazakstandyk-ekipaz-tank-biatlonynda-tagy-da-ekinsi-bolyp-keldi/