Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктің жұмыс уақыты ұзартылады

Опубликовано:

Автобус іші1
Көрнекі фото: astana.gov.kz

Елордада қоғамдық көліктің жұмыс уақыты бір сағатқа ұзартылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Елордалық CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, қоғамдық көліктер жаңа жұмыс режиміне жұма, 28 тамыздан бастап көшеді.

Қазір Нұр-Сұлтанның автобустары 22:00-ге дейін бағдарға шығып жүр.

"28 тамыздан бастап қоғамдық көліктің жұмыс уақыты сағат 23:00-ге дейін ұзартылады. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол ақысын көлік картасымен, қысқа нөмірге SMS жолдау, QR-кодын сканерлеу және басқа да қолма-қол ақшасыз әдістер арқылы төлеуге болады", – деп нақтылады көлік компаниясы.  

Сондай-ақ, 28 тамызда қоғамдық көліктің алдағы демалыс күндері және 31 тамыздағы мерекелік демалыста қалай жұмыс істейтіні белгілі болады.

Айта кетейік, елордада қоғамдық көлік карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін 17 тамыздан бастап жұмысын қалпына келтірді. Алайда карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдетуге байланысты демалыс күндері автобус жүрмейді.

Еске салсақ, 26 тамызда сағат таңғы 6-лар шамасында Түркістан облысы Машат ауылынан 4 шақырым жерде жолаушылары бар Yutong автобусы аударылып қалды.

Айта кету керек, тамыз айының басында Павлодар облысында демалыс күндері автобус қозғалысы тоқтайтыны туралы хабарлаған едік. Облыстың бас санитар дәрігері тиісті қаулыға қол қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871383-nr-sltanda-kogamdyk-klikti-zmys-uakyty-zartylady/

pixel