АҚШ-та қауіпті "Лаура" дауылы тұрды

Опубликовано:

лаура дауыл
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ аумағында қауіптілігі жөнінен төртінші санатқа жататын "Лаура" дауылы тұрды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

АҚШ-тың Дауылдар туралы ескерту ұлттық орталығының мәліметінше, "Лаура" дауылы қауіптілігі жағынан бес санаттың төртіншісінде тұр. Дүлей дауыл Луизиандағы Камерон аумағында болған.

Орталықтың дерегінше, Луизианның кейбір аймақтарында дауылды толқындар, құйынды жел мен су тасқыны болған. Ал желдің жылдамдығы сағатына 240 шақырымға дейін жеткен.

Poweroutage.com порталының хабарлауынша, "Лаура" дауылының салдарынан Техас пен Луизианда 190 мыңдай тұрғындар жарықсыз қалған.

Еске сала кетсек, кеше еліміздің басым бөлігінде күн бұзылып, жауын жауатыны хабарланды. Атап айтсақ, алдағы үш күнде батыс өңірлерде жаңбыр, шығыста найзағайлы жаңбыр, бұрқасын жел болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Сонымен қатар Қарағандыда шілде айында кенеттен көтерілген дауыл жүздеген тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттарын шатырсыз қалдырған болатын.

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығы туралы ескертпеген. Тұрғындар мен жедел қызмет көрсетулер бұл жағдайға дайын болмапты. Нәтижесінде, базарлардағы көптеген кәсіпкердің тауарлары желге ұшты: шұлықтар, шыныаяқтар, ұсақ өнімдер, сөрелердегі ыдыстар қираған. Қарағандыдағы бірнеше ірі аудан жарықсыз қалды.

Сондай-ақ осы дауыл салдарынан 19 жастағы қыз мерт болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871387-aks-ta-kauipti-laura-dauyly-trdy/