Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында 13 жасар қыз 18 жастағы жігітіне "тұрмысқа шығып", келін атанған

Опубликовано:

жас кыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде 13 жасар Атырау тұрғыны 18 жастағы жігітке тұрмысқа шыққаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа назар салған. Тексеріс жүргізіп, жас қыздың расымен де жігітінің үйінде екенін анықтаған деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Жасөспірімнің Атырауда тұрғаны анықталды. 2019 жылдың желтоқсанынан бастап ол Миялыда тұратын жігітпен кездесе бастаған. Содан соң ғашықтар үйленуге шешім қабылдапты.

Үш баланы жалғыз асырап отырған қыздың анасы ортаншысының тұрмысқа шығуына рұқсат берген. Бозбаланың туыстары тіпті "келін түсіру" салтын да жасаған.

Бұл махаббат хикаясын жергілікті тұрғындар жария етті. Полиция департаменті бұл іске кәмелет жасына толмағандар ісімен айналысатын қызметерлер кіріскенін айтты. Олар қыздың анасымен сөйлескен. Дәл соның көзінше "жас әйел" гинекологтың қабылдауында болған.

Мамандар қыздың әлі де "пәк" екенін, денесінде ешқандай жарақат жоқ екенін анықтаған. Десе де тәртіп сақшылары қыздың өзімен де, жігітімен және ата-аналарымен де әңгімелескен.

Оларға 16 жасқа толмаған жасөсіпірмдермен жыныстық қатынасқа түскен адамға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілген.

Басылымның жазуынша, ғашықтардың туыстары жігіт пен қыздың бір-бірін шынайы сүйетінін айтқан. Тәртіп сақшылары қызды анасының үйіне қайтарды. Биыл "қалыңдық" сегізінші сыныпқа барады.

Еске сала кетсек, Түркістан облысында 16 жастағы қыздың 30-дан асқан жігітке тұрмысқа шыққан жазған едік.

Сондай-ақ, 15 жасында тұрмысқа шыққан арудың жан сырын ақтарғанын жеткіздік. 22 жастағы келіншектің сөзінше, бүгінде оның төрт жасар қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871403-atyrau-oblysynda-13-zasar-kyz-18-zastagy-zigitine-trmyska-sygyp-kelin-atangan/

pixel