Қазақстандық оқушылар сенбі күні оқи ма

Опубликовано:

Мектеп оқушылары
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов мектеп оқушылары сенбі күні оқи ма деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылы көптеген мектеп оқушылары үшін қашықтан оқыту форматында басталатынын еске салды. Тек бірінші сынып білім алушыларына ғана кезекші сыныптарда оқуға мүмкіндік бар. Мамандандырылған бөлімнің бұл шешімі бастауыш сынып оқушыларында өзін-өзі оқыту және оқу материалын игеру дағдысы толық қалыптаспайтынына негізделіп отыр. Ол үшін балаларға міндетті түрде мұғалім қажет.

Кезекші сыныптарда сабақ 40 минутқа созылады. Осы уақытқа дейін офлайн режимде білім алуға 530 мың оқушының ата-анасы өтініш тастаған деді министр.

Осы тұста БАҚ өкілдері министрлік басшысына "оқушылар сенбі күні оқи ма?" деген сұрақ қойды. Аймағамбетов тиісті шешімді әр мектеп өздігінше қабылдайтынын айтты.

"Егер сенбі күні оқу қажеттілігі туындаса, ондай мүмкіндік бар. Шешімді мектеп директорымен бірге педогогикалық кеңес қабылдайды",- деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, дәл осы брифинг барысында Асхат Аймағамбетов өз орынбасары миллиондаған ақша жымқырғанына байланысты тергеу жүріп жатқаны жайлы БАҚ беттерінде пайда болған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Ол Білім және ғылым министрлігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы басталған тергеу туралы ресми хабарлама келмегенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871416-kazakstandyk-okusylar-senbi-kni-oki-ma/

jitsu gif