Таразда донерханадан 20 жастағы аспаз қызды "күйеуге" алып қашып кетті

Опубликовано:

Зорлық-зомбылық
Көрнекі фото: Жамбыл облысы ПД

Тараз қаласында донерханадан 20 жастағы аспаз қызды алып қашып кетті. Полицейлер бойжеткенді үйіне қайтарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 тамыз күні сағат 00:30-да облыс орталығындағы кафелердің бірінен кезекші бөлімге 20 жастағы аспаз қыздың ұрланғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Талас ауданының 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол үйлену мақсатында бойжеткенді келісімсіз алып қашқан.

Аталған фактіге сәйкес, Қылмыстық кодекстің 125- бабы 2- бөлімі бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Бойжеткен үйіне қайтарылды.

Жамбыл облысы полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 125- бабы 2- бөліміне сәйкес, қыз ұрлаған жігітті төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұрғанын хабарлады.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде 13 жасар Атырау тұрғыны 18 жастағы жігітке тұрмысқа шыққаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Одан бөлек, Түркістан облысында 16 жастағы кәмелетке толмаған қыз жасы отыздан асқан жігітке тұрмысқа шыққаны да белгілі болған еді.

16 жасында босаға аттаған кәмелетке толмаған жас келін өз еркімен тұрмыс құрғанын, жеке өміріне араласқанды қаламайтынын айтып видео жолдаған. Жасы отыздан асқан жігітті бұрыннан білетінін, өз қалауымен ер адамның етегінен ұстағанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871441-tarazda-donerhanadan-20-zastagy-aspaz-kyzdy-kjeuge-alyp-kasyp-ketti/