Алматыда өртенген көлік: Жүргізуші тірідей жанып кетті, полицей ауруханада (фото, видео)

Опубликовано:

Алматыдағы жол апаты
Фото: instagram.com/almaty_kris_p

Бүгін Алматы көшелерінің бірінде автокөлік өртеніп кетті. Оңтүстік астана полициясы жантүршігерлік жол апатының мән-жайын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнында түсірілген фото-видеолармен almaty_kris_p және kris_p_almaty парақшалары бөлісті. Видео авторының сөзінше, көлік жол апатынан кейін өртенген. Ал жол-көлік оқиғасы Әл-Фараби даңғылы мен Науаи көшесінің қиылысында орын алған.

NUR.KZ редакциясы аталған жайтқа қатысты пікір алу үшін Алматы полициясына жүгінді.

Бүгін, 27 тамыз күні сағат 15.05-те Дулати көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатқан "Ниссан Премьера" маркалы автокөлігі әл-Фараби даңғылындағы қауіпсіздік аймағында тұрған патрульдік автокөлікке соқтығысқан, ол инерция бойынша шығысқа қарай жылжып келе жатқан "Мерседесті" соққан.

Оқиға салдарынан экипаж құрамындағы полицейлердің бірі ауыр дене жарақаттарын алып, шұғыл түрде №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Өртке оранған "Ниссан" соққы қабылдап, басқарылмайтын көлік құралына кедергі болған полиция көлігіне соқтығысу нәтижесінде тоқтады. Әйтпеген жағдайда оқиға салдары өте ауыр болар еді.

Жанып жатқан көлік өрт есептеулерімен оқшауланды. Тексеру барысында автокөліктен жүргізушінің күйіп кеткен денесі табылды, оның тұлғасы анықталып жатыр. Тергеу жұмыстары басталды, оның барысында көліктің жану себебі мен оқиғаның басқа да мән-жайы анықталады",- деді полицияда.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Айта кетейік, күні кеше елордада жедел жәрдем көлігі "Астана Опера" театрының жанындағы жаяу жүргіншілер көпіріне соғылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871454-almatyda-rtengen-klik-zrgizusi-tiridej-zanyp-ketti-policej-auruhanada-foto-video/