Қазақстан мен Әзірбайжан Энергетика министрлері ОПЕК+ келісімін талқылады

Опубликовано:

Қазақстан Әзірбайжан1
Көрнекі фото: Kazakh TV

Бүгін Қазақстан мен Әзербайжан Энергетика министрлері бейнеконференция форматында әңгімелесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

2020 жылғы 27 тамызда алдағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Әзірбайжан үкіметаралық комиссиясының дайындық мәселелерін талқылау үшін Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев және Әзірбайжан Энергетика министрі Парвиз Шахбазовтың бейнеконференция форматында тілдесуі өтті.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты тараптар үкіметаралық комиссияны ағымдағы жылғы қазан айында бейнеконференция форматында өткізуге келісті.

Сонымен қатар, тілдесу барысында тараптар Қазақстан мен Әзірбайжанның ОПЕК+ аясында жүргізіліп жатқан жұмысын талқылады.

Бүгінгі таңда ОПЕК+ келісіміне қатысушылар қабылдаған шаралардың арқасында мұнай бағасының өзгеруі мен сұраныс және ұсыныс теңгерімін қалпына келтіру бойынша оң динамика байқалады.

Еске салсақ, Қазақстан үкіметінің делегациясы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барған болатын. Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы вакцина жеткізу жөнінде мәмілеге қол қойғаны туралы хабарлаған едік.

Сонымен қатар, Тәжікстанды 28 жылдан астам уақыт басқарып отырған 67 жастағы Эмомали Рахмонды Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясы 11 қазанда өтетін президент сайлауына үміткер ретінде ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871499-kazakstan-men-zirbajzan-energetika-ministrleri-opek-kelisimin-talkylady/