Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әділдік іздеп келдім": Пара алды деп айыпталған генералдың әйелі араша сұрайды

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Пара алды деп айыпталған генерал-майор Қайрат Көпбаевтың жары Гүлшат Көпбаева әділдік іздеп, биліктен араша сұрайды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы 31 арнаға сілтеме жасап.

Оның сөзінше, қорғаныс министрлігінде кадр департаментін басқарған күйеуін жақын досы жемқор деп жала жауып, туысын жұмысқа тұрғызғаны үшін 200 мың теңге ақша сұрады деп кінәлап отыр. Алайда, Көпбаевтың заңсыз әрекетке жол бергендігіне ешқандай дәлел жоқ дейді.

Гүлшат күйеуінің айнымас досы неге мұндай әрекетке барғанын түсінбейтінін ашып жеткізді.

Оның айтуынша, Бекбауов жолдасынан қарызға 200 мың теңге сұраған. Ал борышын қайтарғаннан кейін белгісіз себептермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке барып шағымданыпты.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, сотқа куәгер ретінде шақырылған Бекбауовтың туысы ағайынына ешқандай өтініш жасап ақша бермегенін айтқан.

"Бір жарым жылдай менің күйеуімді аңдыды. Бірақ ешқандай дәлел таппады. Енді міне қолдан жасалған айыппен жауып тастаса да, әлі күнге дейін психологиялық қысым көрсетіп отыр. Сіздерге әділдік іздеп келдім. Сот та дұрыс шешім шығарып, кінәсіз адамды босатса деймін", - деді Қайрат Көпбаевтың әйелі Гүлшат Көпбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871508-dildik-izdep-keldim-para-aldy-dep-ajyptalgan-generaldy-jeli-arasa-srajdy/

pixel