"Қыркүйек, қазан тыныш": COVID-19-дың екінші толқыны күтілетін болжалды уақыт айтылды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pexels.com

Елімізді наурыздан бері әуре-сарсаңға салған коронавирустың екінші толқыны шамамен желтоқсанда  басталуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы осмындай болжам жасап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Орталық директорының бірінші орынбасары Бауыржан Жүсіповтың сөзінше, қыркүйек пен қазанда тыныш болады. Ал қараша айында алғашқы белгілер көрінуі ықтимал.

Дегенмен, ғалым жұрт бетперде киіп, арақашықтық сақтап, санитарлық нормаларды бұлжытпай орындаса, коронавирустың екінші толқыны болмауы да мүмкін деп ойлайды.

"Қазақстан маусым-шілде айларында бұл індеттің шарықтау шегінен өтті. Бұл алғашқы әрі негізгі толқын болды. Осы уақыт ішініде еліміздің денсаулық сақтау жүйесі біраз тәжірибе жинады. Сондықтан вирустың екінші толқыны қатты қарқын алмайды" дейді маман.   

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда өткен тәулікте 165 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, елімізде қауіпті дертті жұқтырғандардың саны 105 408-ге жетіп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы директорының бірінші орынбасары, эпидемиолог Бауыржан Жүсіпов коронавирустың екінші толқыны қалай өтеуі мүмкін екені туралы айтқан еді.

Оған қоса, денсаулық сақтау министрі Қазақстанға коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның алғашқы партиясы қашан келетінін хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871553-kyrkjek-kazan-tynys-covid-19-dy-ekinsi-tolkyny-ktiletin-bolzaldy-uakyt-ajtyldy/