Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұшу аппаратын 10 жыл жинады": Оралда апат болған ұшқыштың әйелі жұбайы туралы айтты

Жарияланған күні:

ушактар
Фото: БҚО ТЖД

Оралда қайтыс болан 69 жастағы ұшқыш Павел Ерошенконың әйелі Любовь тікұшақты күйеуі өз қолымен 10 жыл жасағанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Любовьтің айтуынша, марқұм жұбайы өлең жазып, өз кітабын шығарған. Драма тетарында өзінің жеке шығармашылық кешін өткізген.

"Менің күйеуім бірінші санатты ұшқыш болды, Солтүстік флотта қызмет еткен. Кубаға ұшқан, бірнеше рет ұшқан.
Саргассо теңізінде жанып тұрған сүңгуір қайықты құтқару кезінде болды. Ол көкте үш мың сағат болған. Оның өз ұшағымды құрастырсам деген бала арманы болды. Павел авиамодельді үйірмеден бастады. Оны "Мечта" деп атағысы келді. Ұшу аппаратын 10 жыл бойы жинады. Сенбі күні даланы айнала алғаш рет ұшты, жерге қонып, бәрі жақсы болған. Ал бүгін, міне...", - дейді әйел адам.

Еске сала кетсек, бүгін таңғы уақытта Оралда бір орындық қолдан жасалған ұшу аппараты құлап түсті. Оның ішінде болған ұшқыш қаза тапқаны хабарланды.

Айта кетсек, бұған дейін 26 ақпан күні түсте Шығыс Қазақстан облысы орталығының әуежайы маңында АН-2 ұшағы құлаған болатын. Апаттық қону кезінде оның қозғалтқышы өртенген.

Авиациялық әкімшіліктің хабарлауынша, бортта бес адам болған. Олардың үшеуі - экипаж мүшелері, екеуі - қызметтік жолаушылар. Абырой болғанда бұл оқыс жағдайдан ешкім зардап шекпеді.

Ведомствоның мәліметінше, құлаған ұшақ "Орлан 2000" әуе компаниясына тиесілі. Ол Өскемен - Ақсуат бағытында санитарлық тапсырма бойынша рейс орындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871630-su-apparatyn-10-zyl-zinady-kajtys-bolgan-skysty-jeli-zbajy-turaly-ajtty/