Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда 13 жастағы қыздың жоғалуы: Полиция кісі өлтіру бабы бойынша іс қозғады

Опубликовано:

Әйгерім1
Әйгерім Хайдарова. Фото: Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz

Ақмола облысында 20 тамыз күні шаштаразға барып, жоғалып кеткен 13 жастағы қызды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Sputnik Қазақстан хабарлағандай, Ақмола облысы ПД-ның баспасөз қызметінің ақпары бойынша, аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі іс жүргізу басталған.

Ведомство Әйгерім Хайдарова жоғалып кеткен күні оны көруі мүмкін деген 200-ден астам адамнан жауап алынғанын нақтылады. Қазіргі уақытта қызды іздеу жалғасып жатыр.

Полицияға еріктілер де көмектесуде. Іс облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауында екені де атап өтілді.

Бұған дейін еріктілер 20 тамыз күні түстен кейін Әйгерім өзі тұратын туыстарының үйінен 1-2 шақырым жерде Красный Ярдағы шаштаразға барғанын хабарлаған еді.

Ол салонға кірген, бірақ онда Әйгерімге қажет бояу болмаған көрінеді. Кейін қыз шығып кеткен, содан бері ол туралы ешқандай хабар жоқ. Отбасы полицияға хабарласқан. Әзірге іздеу еш нәтиже бермей жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Талдықорған қалалық полициясы 2005 жылы туған Әділет Мақсатұлы Нүсіпбаевқа іздеу жариялағанын хабарлаған едік.

Ол 12 тамызда үйінен белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмаған.

Сонымен қатар Алматы облысы Талғар ауданының тәртіп сақшылары Туғанбай елді мекенінің тұрғынына іздеу салған болатын.

Полиция басқармасының мәліметтері бойынша, 1993 жылы туған Әлібек Тоқтаров Өзбекстан елінің тумасы екен. Жігіт Талғар өңірінде Туғанбай ауылында тұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871634-kksetauda-13-zastagy-kyzdy-zogaluy-policia-kisi-ltiru-baby-bojynsa-is-kozgady/

pixel