Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина сынағына қатысқаны үшін австралиялықтарға ақы төленбек

Опубликовано:

Вакцина1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы вакцинаны зерттеп, тексеріп жатқан Квинсленд Университеті өзінің зерттеулеріне қатысуға 18 мен 55 жас аралығындағы 120-ға жуық австралиялықтарды шақырып жатыр. Бұл үшін оларға 2300 доллар (964 мың теңге) төленеді екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жобаның жетекшісі профессор Пол Янг оңды нәтижелерден үміт екенін және қатысушылардың жаңа тобы оларды коронавируспен күресу үшін қару табуға бір табан жақындататынына сенімді.

"Біз әлі бірінші фаза кезеңіндеміз. Алғашқы кезеңдерде вакцина өзін қауіпсіз және жеңіл екенін көрсетті. Біз оны әртүрлі дозада – төмен, орташа және жоғары мөлшерде тексердік. Тіпті көп мөлшердегі дозада да оң әсерін көрсетті. Осы ақпаратты есепке ала отырып, біз сынақтарға егде жастағы адамдарды қосып, зерттеу аясын кеңейтуді жөн көрдік", – дейді ол.

Ғалымдар 120 қатысушыдан басқа 56 мен 65 жас аралығындағы 48 адамды және 66 және одан жоғары жастағы 48 адамды еріктілер қатарына қоспақ.

Квинслендте шығарылған вакцина Австралияда ең үздік болып саналады.

Алайда ғалымдар бұл вакцинаны дайындаудың өте ұзақ процесіндегі "бір ғана қадам" екенін мойындады. Вакцина шілдеде адамдарда сыналған болатын.

Дегенмен қауіпсіздігіне толық көз жеткізу үшін перпаратты жақын айларда кеңірек сынап көрмек.

Еске салсақ, Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы вакцина жеткізу жөнінде мәмілеге қол қойған еді.

Соған сәйкес, Алексей Цой елімізге коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның алғашқы партиясы қашан келетінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871645-vakcina-synagyna-katyskany-sin-avstralialyktarga-aksa-tlenedi/

pixel