Алматыдан Жезқазғанға бара жатқан 17 жастағы студент жоғалып кетті

Опубликовано:

жігіт қой
Сұңғат Төлебаев. Фото:: Отбасының жеке мұрағатынан

17 жастағы Жезқазған тұрғыны 25 тамызда Алматыдан шығып, Қарағандыда із-түзсіз жоғалып кеткен. Жігіттің туыстары полицияға жүгінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сұңғат Төлебаев Алматыдағы Сәтпаев университетінің екінші курсында оқиды. 25 тамызда жігіт Жезқазғанға үйіне кетіп, байланысқа шықпай қалған. Бұған дейін жігіт ешқашан байланыссыз қалмағандықтан туыстары алаңдай бастаған.

"25 тамызда мен ұлыма хабарластым, әдетте біз онымен таңертеңгісін сөйлесеміз. Ол тұтқаны алмады. Күні бойы оған хабарласа алмадық. Алаңдадық. Сол күні кешке үлкен ұлым ноутбук арқылы Сұңғаттың байланысын бақылап, ол хабарласқан соңғы нөмірді анықтады.
Ол автобус жүргізушісі болып шықты. Біз оған хабарласып, салонда көзілдірік таққан арық жігіт бар ма - жоқ па соны сұрадық. Ол бар екенін айтты. Сол кезде біз тұтқаны беруін өтініп, Сұңғатпен сөйлестік. Ол бізге телефонының бұзылып қалғанын, алдымен Қарағандыға барып, сосын үйге келетінін айтты.
Оның неге бара жатқанын қатты сұраған жоқпыз. Кешке сол автобус жүргізушісіне хабарласып, Сұңғаттың шамамен 16:00-де Қарағандыдағы "Таир" сауда үйінің жанынан түсіп қалғанын білдік. Ол Сұңғат туралы басқа ештеңе білмейді. Сосын оны күтіп, автобустарды, пойыздарды күттік. Бірақ ол сол күйі келмеді", - дейді жоғалған студенттің әкесі Марат Башаров.

Келесі күні 27 тамызда жігіттің ата-анасы еріктілердің көмегіне жүгінген. Ал 28 тамызда Жезқазған қаласының ІІБ арыз жазған.

Қазіргі уақытта Сұңғатты іздеу жұмыстарымен еріктілер мен полиция қызметкерлері айналысуда. Оның туыстары жігіттің жағдайының жақсы екеніне, жақын арада байланысқа шығатынына сенімді.

"Біз не ойларымызды да білмейміз. Жақсылықтан үміттенеміз. Бұрын ол бұлай жасамайтын. Ол дербес және жауапты жігіт. Егер кімде кім оны көріп немесе суретінен таныған болса, онда бірден 8 701 809 70 34 (әкесі) немесе 8 708 352 64 60, 8 705 326 86 98 немесе 102 нөміріне хабарласуларыңызды өтінемін", - дейді жас жігіттің әкесі.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жігіттің жоғалғаны туралы арыз тіркеліп, іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, Алматы облысында 27 жастағы жоғалып кеткен жігітті полиция қызметкерлері іздеп жатқанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Ақмола облысында полиция қызметкерлері, еріктілер мен тұрғындар шаштаразға барған соң із-түзсіз кеткен 13 жастағы жеткіншек қызды іздестіріп жатқаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871669-almatydan-zezkazganga-bara-zatkan-17-zastagy-student-zogalyp-ketti/