Нұр-Сұлтанда жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейді

Опубликовано:

автоубс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

30 тамызда Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу қойылады деп жазады KAZ.NUR.KZ CTS компаниясының Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Жексенбі күні елордада қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілетін болады. ⠀ 31 тамыздан бастап қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты режимде жұмыс істейді. ⠀ Сондай-ақ компания енді қоғамдық көліктердің сағат 23:00-ге дейін жүретінін тұрғындардың есіне салды.

Сонымен бірге қоғамдық көлікте медициналық маска кию керек екенін айтылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин демалыс күндері мегаполисте қоғамдық көліктердің жүрмейтінін хабарлаған еді.

Сондай-ақ ол сенбі, жексенбіде базарлар мен сұлулық салондары, моншалар мен сауналар жұмыс істемейтінін де жеткізген болатын.

"Біз тек қатаң шараларды сақтау арқылы ғана қаладағы жағдайды тұрақтандыра алдық. Әйтпеген жағдайда коронавирус тарауының тағы бір қаупі туындайды", - дейді Бекшин.

Айта кетейік, елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Мәселен өткен тәулікте 165 адамнан коронавирус анықталған. Ал 540 адам қауіпті дерттен айығып шыққан.

Сонымен бірге соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 531 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелген, 43 адам емделіп шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871685-nr-sltanda-zeksenbi-kni-kogamdyk-klikter-zrmejdi/

jitsu gif