Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Босанған соң перзентханадан қашып кеткен көкшетаулық әйел асылып өлді

Опубликовано:

асылып өлген
Көрнекі фото: www.newsit.g

Көкшетауда сәбиін тастап, перзентханадан кетіп қалған 36 жастағы әйел өлі күйінде табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 27 тамыз күні Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне Перинаталдық орталықтың дәрігері хабарласып, жаңа босанған 36 жастағы әйел өзінің сәбиін тастап, палатадан шығып кеткенін хабарлаған.

«Айтылған жерге жедел-тергеу тобы жетіп, іздестіру шараларын қолға алды. Анықталғандай, босанғаннан кейін әйелдің көңіл-күйі жайсыз болған», - дейді ведомство өкілдері.

ПД баспасөз қызметіндегілер атап өткендей, 27 тамызда сағат 19:00 шамасында келіншек жұқпалы аурулар аурханасының маңындағы ағашта асулы күйінде табылған.

«Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп толықтырды жауапты ведомство.

Айта кетейік, көз жұмған әйелдің артында төрт баласы (үш ұл және бір қыз) қалды. Ең кішісі биыл 12 тамызда дүниеге келген.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 28 тамыз сағат 17:45 кезінде Көкшетау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Краснояр кентінен 5 шақырым жердегі орман алқабынан жиырмасыншы тамыз күні жоғалып кеткен жасөспірім Әйгерім Хайдарованың жерге көмілген денесін тапқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871706-bosangan-so-perzenthanadan-kasyp-ketken-kksetaulyk-jel-asylyp-ldi/

pixel