ДДСҰ COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны сынақтан өткізуге рұқсат етті

Опубликовано:

Вакцина1
Көрнекі фото: piqsels.com

ДДСҰ коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық вакцинаны еріктілерге егіп, сынақтан өткізуге ресми түрде рұқсат етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы отандық биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының жасап шығарған вакцинасын ресми түрде клиникалық сынақтарға өткізілген екпелердің қатарына кіргізді.

Бұл тізімге әлемнің 19 елінен шыққан 33 вакцина енгізілді. Қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың 1/2 кезеңінде тұр.

ДДСҰ ресми түрде клиникалық сынақтан өткізе бастауға рұқсат еткен вакциналар қатарында Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Австралия, Тайвань, Куба, Франция, Австрия, Канада секілді мемлекеттердегі ірі компаниялар мен ғылыми-зерттеу институттары жасап шығарған екпелер де бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның алғашқы партиясы қашан келетінін айтқан болатын.

Айта кетейік, Австралияда вакцина сынағына қатысқандарға ақы төленеді.

Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы вакцинаны зерттеп, тексеріп жатқан Квинсленд Университеті өзінің зерттеулеріне қатысуға 18 мен 55 жас аралығындағы 120-ға жуық австралиялықтарды шақырып жатыр.

Бұл үшін оларға 2300 доллар (964 мың теңге) төленеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871747-dds-covid-19-ga-karsy-kazakstandyk-vakcinany-synaktan-tkizuge-rksat-etti/