Бес адам қаза тапты: Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды

Опубликовано:

Павлодар облысындағы жол апаты
Оқиға орны. Фото: Куәгерлер

Бүгін, Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауданындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты орын алды. Екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан бір жүргізуші мен төрт жолаушы көз жұмды. Қатты зақымданған қос көлікті де айыппұл тұрағына алып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының ақпаратынша, ВАЗ-21713 жеңіл көлігін елорда тұрғыны тізгіндеген. Ол жолдың қарама-қарсы бетіне өтіп кеткен. Бұл сәтте тас жолда тағы бір ВАЗ-21703 көлігі келе жатты. Оның жүргізушісі Баянауыл ауданының тұрғыны болып шықты.

"Жантүршігерлік ауқымды жол апаты Майқайын-Баянауыл тас жолында орын алды. Екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан 36, 45 және 65 жастағы ер азаматтар мен 37 және 52 жаста,ы екі әйел адам қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасында тағы екі адам зардап шекті. 37 жастағы ер адам мен 14 жасар жасөспірім аса ауыр жарақаттармен Баянауыл ауданының орталық ауруханасына жеткізілді" , - деп хабарлады Павлодар облысының жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Зардап шеккендерді кейін санавиация көмегімен Павлодар қаласына жеткізген.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Жол апатына кінәлі адам бас бостандығынан айырылмақ.

Айта кетейік, бүгінде Семейде екі адамды қағып, бірін мерт қылған жүргізуші іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз. Көлік жүргізушісі екі адамды қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Оған қоса, Алматыда жолды кесіп өтпек болған әйелді екі бірдей көлік қағып өлтірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871749-bes-adam-kaza-tapty-pavlodar-oblysynda-zantrsigerlik-zol-apaty-oryn-aldy/