Атырау полицейлері бір күнде үш үйлену тойын тоқтатты
Опубликовано:

Қазақстандықтар көп адам шақырып, дүркіретіп той өткізуді тоқтатар емес. Ауқымды жиындар елімізде орнатылған тыйымға қарамастан ұйымдастырылып жатыр. Атырау полицейлері бір күнде үш үйлену тойын тоқтатты деп жазады KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық полицияның хабарлауынша, Атырауда бір күнде көп қонақ шақыртылған үш үйлену тойы анықталды. Ведомствоның хабарлауынша, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі сейілмегендіктен көп адам жиналған ауқымды жиындарды өткізуге әлі де тыйым салынуда.
Алайда, тәртіп ақшылары алдымен СМП - 163-те орналасқан мейрамханадағы дүбірлі тойды, одан кейін Рыбникова мен Жаңаталап ауылдарындағы жиынның үстінен түскен. Үш үйлену тойы да тоқтатылды.
Той ұйымдастырғандарға жаза тағайындауды шешу үшін оқиға материалдары санитар дәрігерлерге жіберілді.
Атырау облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, құқыққорғау органлары бесінші шілдеден бастап, өңірде карантин режимін бұзған 1713 оқиғаны анықтаған. Олардың елуден астамы отбасылық жиындар.
Айта кетейік, бұған дейін БҚО әкімі заңсыз той туралы хабарлаған тұрғындарға сыйақы беретінін хабарлаған.
Десе де, қазақстандықтар бірнеше адамның басын қосып, той жасап, құдалық күтуін тоқтатар емес. Мәселен, жақында ғана әнші Төреғали Төреәлі қарындасы Фаризаны ұзатты. Артынша жастардың қуанышы мейрамханада жалғасқан.
Кейін аталған жайтқа қатысты Алматы қаласының полиция департаменті пікір білдірген болатын. Олар әлеуметтік желілерді бақылау кезінде үйлену тойындағы фотосуреттер мен бейнелерді назарға алғандарын хабарлады.
Алайда жұлдызды отбасына айыппұл салынбады. Бұның себебін Алматы қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті түсіндіріп берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871752-atyrau-policejleri-bir-knde-s-jlenu-tojyn-toktatty/