42 500 теңге әлеуметтік төлеміне өтініш беру аяқталады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

42 500 теңге мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем тағайындауға өтініштер қабылдау аяқталады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Төлем 2020 жылдың шілдесінде шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалады. 

2,4 миллионға жуық қазақстандық 42 500 теңге әлеуметтік төлем алды. Оның ішінде 2 миллион 384 мың адам тамызда карантиннің ұзартылуына байланысты ең төменгі жалақының жартысы – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды.

Өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

"1 қыркүйекке дейін, яғни 31 тамыз өтініш қабылдаудың соңғы күні деген сөз", - деп нақтылады ведомство Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Еске сала кетсек, осыған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға тамыз айында 42500 теңгенің жартысы төленетінін мәлім еткен болатын.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бар. Екі аптаға карантин созылды. Төлем беріледі. Бірақ 42 500 теңгенің жартысы 21 250 теңге төленеді",- деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Кейінірек елімізде қанша адамға 21 250 теңге берілетіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871829-42-500-tege-leumettik-tlemine-tinis-beru-aaktalady/