Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"300-400 миллионнан басталады": Қазақстанда тойханалар жаппай сатылымға қойылуда

Опубликовано:

Фото
Фото: Olx.kz

Қазақстанда тойханалар жаппай сатылып жатыр. Құны миллиардтарға бағаланған зәулім сарайлардың жарнамасы арнайы сайтта толып тұр. Қазірдің өзінде дәл осы сайтта 1300-ге жуық түрлі тамақтану орындары, мейрамхана, бизнес орталықтар мен тойханалар сатылып жатыр. Сатылымға шыққан той өтетін орындардың бағасы аспандап тұр. Ең арзаны 300-400 миллионнан басталып, миллиардтарға дейін барады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы 31 арнасына сілтеме жасап.

Осы жылдың наурыз айының ортасынан тойханалар қаңырап қалды. Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, шарасыз қалған кәсіпкерлер "бизнестерін" жаппай сатылымға шығарған.

Тойханалардың көбісі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан арнайы сайтқа қойылған.

Еліміздің үшінші мегапоисінде тойханалар бағасы оңтүстік астана мен елордаға қарағанда арзан.

Нарықты он жылдан бері жылжымайтын мүлік сатумен айналысатын Виталий Браиловский соңғы кездері тамақтанатын орындарды сатып жатқан кәсіпкерлердің күрт артқанын растап отыр.

"Біздің агенттік он жылдан бері нарықта жылжымайтын мүлік сатумен айналысады. Соңғы кездері түрлі дәмхана, мейрамханалардың иелерін көптеп хабарласып, бизнестерін сатылымға қойып жатыр. Өйткені, коронавирус пандемиясына байланысты олардың жұмыстары қиындап кеткен", - дейді ол.

Айта кетейік, елімізде карантин болса да, бірнеше адамның басын қосып, той жасап, құдалық күтетіндер азаймай тұр. Мәселен, жақында ғана әнші Төреғали Төреәлі қарындасы Фаризаны ұзатты. Артынша жастардың қуанышы мейрамханада жалғасқан.

Кейін аталған жайтқа қатысты Алматы қаласының полиция департаменті пікір білдірген болатын. Олар әлеуметтік желілерді бақылау кезінде үйлену тойындағы фотосуреттер мен бейнелерді назарға алғандарын хабарлады.

Алайда жұлдызды отбасына айыппұл салынбады. Бұның себебін Алматы қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті түсіндіріп берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871839-300-400-millionnan-bastalady-kazakstanda-tojhanalar-zappaj-satylymga-kojyluda/

pixel