Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр мектеп оқушылары қашанға дейін қашықтан оқитынын айтты

Опубликовано:

Орындық1
Көрнекі фото: piqsels.com

Білім және ғылым министрі "Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер" тақырыбындағы онлайн-конференцияда балалардың қашанға дейін қашықтан білім алатыны туралы сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Министр мектеп оқушылары бірінші тоқсанда қашықтан оқитынын еске салды. Алайда 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптарда оқу мүмкіндігі бар. Министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін 530 мың баланың ата-аналары білім берудің осы форматына жүгініп, өтініш берген.

Сонымен қатар, балалар осы форматта қанша уақыт оқитыны туралы сұраққа қатысты Аймағамбетов мұндай шешім бірінші оқу тоқсанына қатысты екенін айтты. Бұдан әрі шешімдер коронавирустың эпидемиологиялық жағдайына байланысты қабылданады.

Еске салсақ, білім және ғылым министрі Нұр-Сұлтандағы №73 мектеп-лицейіне барды. Мектепті аралау барысында ол қашықтан оқыту режиміне ауысу оқушылардың үлгеріміне әсер ете ме деген сауалға жауап берген еді.

Сонымен қатар, білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен докторантура студенттері жаңа оқу жылында қалай оқитынын түсіндірді.

БҒМ мәліметінше, күзгі семестр қашықтан оқыту форматында ұйымдастырылады. Оқу 1 қыркүйекте басталады. Бұл күні барлық іс-шаралар онлайн режимде өтеді.

Айта кету керек, білім және ғылым министрлігі бірнеше жоғары оқу орнының лицензиясын тоқтатты. Себебі қайта тексеру кезінде тағы тәртіп бұзушылықтар анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871867-ministr-mektep-okusylary-kasanga-dejin-kasyktan-okitynyn-ajtty/

pixel