"Әйелін көшеде ұрған": Отандық блогер танымал әнші жайлы шулы мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Танымал трэвэл блогер Динара Болат әлеуметтік желідегі парақшасында отандық әншінің әйеліне қатысты шулы мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, ел алдында еркелеп жүрген эстрада жұлдызы әйелін үнемі таяқ астына алады екен. Алайда өнер иесінің мұндай қадамға баратынына ешкім сенбейтін көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қыз-келіншектерге әрдайым кеңес беретін Динара Болат өнер әншінің есімін жасырып қалды. Сөзінше, эстрада жұлдызы әйелін жақында, тіпті, көшенің ортасында соққыға жығыпты. Қазір ол келіншек гипспен жүрген көрінеді.
Блогер жастайынан өнерімен сусындап өскен әншісінің мұндай қадамға барғанына таңданғанын айтады.
"Маған күнара түрлі оқиға, проблемамен қыз-келіншек хабарласады. Қыз-келіншектерге “Өздеріңді жақсы көріңдер!”, “Өздеріңді ұмытпаңдар!” десем мені бір батысшыл құбыжық көресіздер. Бірақ, менің ойым психолог ретінде осы елдің ішінде көріп, тыңдап, түйгендерімнен шығады.
Осыдан бір ай бұрын “құрбымның парақшасынан жазып отырмын. Құрбымның күйеуі оны сабайды. Ол әйгілі адам...” деп біреу жазды. “Сотқа беріңіздер. Айғақ жинаңыздар”,- деп кеңесімді айттым. Енді жуырда сол парақшадан келіншектің өзі күйеуі көшенің ортасында қол көтергенін, қазір қолы гипстеулі екенін жазды.
Айғақтайын десе, әнші жұлдыздың танымалдылығынан травмпункт те, жергілікті полиция да “түк емес” дегенді айтады екен. Әрі қарай күрескісі келсе не істеу керектігін, қалай дайындалу керектігін айтып қоштастық.
Мені бірнәрсе таңқалдырды. Танымал әншіні бала кезімнен көріп келе жатырмын. Жарқ-жұрқ еткен, “Ах-ох!” деп қалған кәдімгі шоу адам. Бірақ, әйелінің парақшасын көріп қапа болдым. Неге дейсіздер ғой? Келіншек жұлдыздың әйеліне еш ұқсамайды. Өңі де, киімі де, жүзі де сұрқай, жұпыны екенін көріп, анау әншінің әйелі екеніне сене алмадым. Бірақ, сол “жарқыраған” жұлдыздың әйелі екен.
Мәселе қай әнші екенінде емес. Құдайға шүкір! Елде әнші көп. Өзі ел алдында жарқырап, қыз біткеннің етегін бағып, әйелін сұр тышқандай ұстайтын жұлдыз, кәсіпкер, саясаткер, ел сыйлайтын азамат сымақтар жетерлік. Сыйламаймын! Былай қарағанда сол сүмірейген әйелдерінің арқасында көтеріліп, халық алдында жүр",- дейді ол.
Осылайша, коучер қыздарға өз ақыл- кеңесін айтты. Ол әр нәзік жанды алдымен өзі үшін аманат екенін еске салды.
Айта кетейік, Қазақстанда тойханалар жаппай сатылып жатыр. Құны миллиардтарға бағаланған зәулім сарайлардың жарнамасы арнайы сайтта толып тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871910-jelin-ksede-rgan-otandyk-bloger-tanymal-nsi-zajly-suly-mlimdeme-zasady/