Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус жұқтырған екі жүзге жуық адамның жағдайы нашар

Опубликовано:

Коронавирус инфекциясы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 7379 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 30 бала бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Стационарларда 3811 науқас жатыр, 3568 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

"Жалпы науқастардың арасында 197 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше коронавирус белгілері бар пневмониядан алты адамның көз жұмғаны белгілі болды.

"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 56 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 26 адам емделіп шықты", - делінген хабарламада.

1 тамыздан ауырғандар саны 25 714-ке жетті. Сондай-ақ, 290 өлім жағдайы тіркеліп, 5 575 адам жазылып шыққан.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 77 адамнан анықталған еді. Осылайша елімізде вирус жұқтырған адамдар саны 105 872-ге жетті. Сондай-ақ, бұған дейін елімізде коронавирусқа байланысты жабылып қалған тойханалардың жаппай сатылып жатқаны хабарланды.

Сондай-ақ, Алматыда COVID-19 күзгі толқынына дайындалып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем қызметінің бас дәрігері Біржан Оспанов айтты.

Оның сөзінше, вирус өршіген жағдайда 103 желісінің санын 30-дан 50-ге дейін көбейтіледі. Ал қоңырау қабылдайтын фельдшерлер саны 12-22-ге, бригадалар саны 220-ға дейін артатыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871956-elimizde-koronavirus-zktyrgan-eki-zzge-zuyk-adamny-zagdajy-nasar/

pixel