Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусты гүл шоқтарынан жұқтыру мүмкін бе

Опубликовано:

Гүл шоқтары
Көрнекі сурет: pixabay.com

1 қыркүйек күні мұғалімдердің дені гүл шоқтарын сыйлық ретінде алып жатады. Осы орайда жұқпалы аурулар бойынша дәрігерлер коронавирустың гүл шоқтары арқылы жұғуы қаншалықты мүмкін екеніне жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы кездері індет салдарынан гүл шоқтарын алуға қорқатындардың қарасы көбейген. Мамандар осы орайда гүл шоқтарынан вирус жұқтыру қаншалықты мүмкін екенін сөз етті.

Дәрігерлердің сөзіне сенсек, сыйланған бір шоқ гүлден COVID-19 дертін жұқтыру екіталай. Бастысы сақтық шараларын ұмытпаған абзал. Нақтырақ айтсақ, бетперде киіп, қолды жиі жуып жүрген маңызды.

Десе де мүлде жұқпайды деп айтуға да келмейді дейді жұқпалы аурулар бойынша дәрігер маман.

“COVID-19 дертінің бөлшектері гүл шоқтарында болуы мүмкін. Алайда одан індеттің жұғып кетуі екіталай. Вирустың гүлден жұғуына бірқатар жағдайлар қажет. Мәселен, гүл шоқтарымен мұрныңыз бен көздеріңізді ысқылау немесе гүл шоқтарын жеу вирустың гүлден жұғуына себеп бола алады. Оның үстіне науқас адам әлгі гүл шоқтарына түшкіруі керек", - дейді дәрігерлер.

Ақ халаттылар вирустан қорғануда бетперденің маңызы зор екеніне баса назар аударды.

"Вирус гүл шоқтарында біраз уақыт болуы мүмкін. Алайда егер сіз бетпердемен жүрсеңіз, коронавирус гүл шоқтарынан сізге жұға қоймайды", - дейді дәрігерлер.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде коронавирус жұқтырған екі жүзге жуық адамның жағдайы нашар екені хабарланған болатын.

Одан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында пандемия кем дегенде екі жылға созылуы мүмкін екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871974-koronavirusty-gl-soktarynan-zktyru-mmkin-be/

pixel