Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жоғалған қыздың ішкі ағзаларының алынғаны туралы ақпарат жалған

Опубликовано:

мәйіт
Көрнекі фото: van-horn.net

WhatsApp мессенджерінде Ақмола облысында жоғалып кетіп, кейін денесі табылған 13 жастағы қыздың ішкі ағзалары алынған деген аудиожазба тарап жатыр. Бұл ақпаратты тәртіп сақшылары жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Ведомство аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Қазір полиция жалған аудиожазбаның авторы мен таратушыларын іздестіруде.

Сонымен қатар құзырлы орган өкілдері азаматтарға жалған ақпарат таратуға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті, сондай-ақ, қазақстандықтарды тек ресми ақпаратқа сеніп, қауесет таратпауға шақырды.

Полиция қылмыстық жауапкершіліктің жалған ақпараттың авторларына ғана емес, оны таратушыларға да қатысты екенін де баса айтты.

Ақмола облысының полиция департаменті бұл іс "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатқанын жеткізді.

"Қосымша эпизод Қылмыстық кодекстің 315 бабы (адам ағзалары мен тіндерін заңсыз алу) бойынша қарастырылмаған және қарастырылмайды", - деп хабарлады ведомстводан.

Басқа ақпараттар тергеу мүдделері байланысты жария етілмейді. Тергеу ПД басшылығының бақылауында.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында полиция қызметкерлері, еріктілер мен тұрғындар шаштаразға барған соң із-түзсіз кеткен 13 жастағы жеткіншек қызды іздестіріп жатқаны туралы хабарлаған едік.

Кейінірек із-түзсіз жоғалған жасөспірімнің денесі Краснояр кентінен 5 шақырым жердегі орман алқабынан табылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872068-zogalgan-kyzdy-iski-agzalaryny-alyngany-turaly-aparat-zokka-sygaryldy/

pixel