Қасым-Жомарт Тоқаев: АХҚО әлеуетін тиімді пайдаланған жөн

Опубликовано:

Экспо шар
Фото: qazexpocongress.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында "Астана" Халықаралық Қаржы Орталығының маңыздылығы атап өтілді.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлемде қалыптасқан жаңа ахуалда үкімет елге инвестиция тартуды және отандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығаруды басымдыққа алып отыр.

"Осы мақсатпен еліміздің игілігі үшін Еуразия экономикалық одағы мен “Бір Белдеу, Бір Жол” жобасының зор мүмкіндіктерін пайдаланумен қатар, АХҚО әлеуетін тиімді пайдаланған жөн", - деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қаржы орталығы тікелей және портфельді инвестициялар тартудың негізгі құралына айналуға тиіс екендігін де атап өтті мемлекет басшысы.

2020-шы жылдың шілдесіне дейін АХҚО-ға қатысушы компаниялар қаржы технологияларын, құрылыс, ауылшаруашылығы және өңдеу салаларын дамытуға 444 миллион АҚШ долларын инвестициялады. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасына шамамен 3,5 миллиард АҚШ доллар шамасында инвестиция құю ниеті жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872072-kasym-zomart-tokaev-ahko-leuetin-tiimdi-pajdalangan-zn/

jitsu gif