Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар өңірінде спорт мектебінің директоры орынбасарын өлімші етіп сабады деп күдіктелуде

Опубликовано:

Жұдырық1
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында спорт мектебінің директоры орынбасарын өлімші етіп сабаған деп күдіктелуде. Ауыр соққыдан ол ауруханада көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, оқиға Шарбақты ауданында болған.

Отбасылық мерекеде бас қосқан директор мен орынбасар өзара сөзге келіп қалып, ақыры бастығы қызметкерін соққыға жығыпты. Ауруханада ол бір апта жатып, жарақатының ауырлығынан қайтыс болған.

Жанжалдың нақты неден туғаны белгісіз. Келтірілген деректерге қарағанда, шенеуніктің екеуі де спорт шеберлері. Бұл ақпаратты Шарбақты ауданы басшылығы растаған.

"Енді осындай жағдай болып қалды. Жұмыстан тыс уақытта болған кез. Түнгі уақытта болған. Спорт мектебінің жағалауында болған емес мына жағдай. Білмеймін. Өзімізде шокта болып жүрміз ғой. Не себептен олай бір-бірімен төбелескен әзірге айта алмаймын. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Содан кейін бәрі анықталады", - дейді Шарбақты аудандық мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Бақыт Смаков.

Ө. Қуанар

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысының Ақсу қаласында төртінші қабаттағы балкон опырылып, онда тұрған қыз бен жігіттің құлап кеткенін хабарлаған едік.

Зардап шегушілердің екеуі де ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер бойжеткеннің өмірін сақтап қала аламаған.

Сонымен қатар итті көлігіне байлап серуендеуге шығып, жануарды қорлаған павлодарлық азаматтың жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872089-pavlodar-oblysynda-sport-mektebini-direktory-orynbasaryn-limsi-etip-sabady-dep-kdiktelude/

pixel