Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда 118 келілік алып балық ауланды (видео)

Опубликовано:

Бекіре1
Фото: Видеодағы кадр

Атырауда салмағы 118 келі тартатын "Бекіре" тұқымдас балық ауланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Салмағы 118 келі тартатын алып балық Жайықтағы кіші дамба тартымыннан ұсталған.

Бекіре тұқымдас балық, "Жайық-Атырау-Бекіре" зауытына тапсырылды. Мамандар оны арнайы тоғанға жіберген. Күзге дейін сол жерде күтіп бағып, кейін тұқым алмақ жоспары бар.

Ихтиологтар қазіргі уақытта балықтың жынысы мен жасын анықтап жатқан көрінеді.

"Бұл балықты аталған бекіре зауыты осыдан көктемге дейін ұстап, қыстатып, егер бұл аналық болса, балықтан уылдырықтарын алып жасанды түрмен уылдырықтарын жасап, Жайық өзеніне жазғы мезгілде жібереді",– дейді Атырау облысы балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы.

Атыраулық балықшылардың ауына биыл осымен екінші мәрте алып балық түсіп отыр. Осы наурыз айында ғана салмағы 148 келілік қорытпа-балығы ауланған еді.

Айта кету керек, негізі елімізде Бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салынған. Қызыл кітапқа кірген бұл балықтарды тек ғылыми бағытта ғана ұстауға болады.

Б. Надирқызы

Еске салсақ, бұған дейін Канадада балықшылардың қарамағына қанаты мен тұмсығы бар балықтың ілінгенін жазған едік.

Оған қоса, Twitter әлеуметтік желісінің қолданушылары еріні мен тістері адамға ұқсайтын балықтың суретін жаппай талқылаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872090-atyrauda-118-kelilik-alyp-balyk-aulandy-foto/

pixel