Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тоғыз жастағы бала жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Жоғалған1
Фото: polisia.kz

Алматыда тоғыз жастағы балаға іздеу салынды. Жеткіншек 2020 жылдың 1 қыркүйегінде сағат 13:00 шамасында Медеу ауданында орналасқан үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы полициясы тоғыз жасар Мырзақұлов Месутты іздестіріп жатыр.

Бала Медеу ауданында орналасқан үйінен 2020 жылдың 1 қыркүйегінде сағат 13:00 шамасында кетіп, әлі күнге дейін оралмаған. Одан әлі хабар жоқ.

Іздеудегі жасөспірімнің белгілері: Бойы 125 см, дене бітімі арық, шашы қара.

Үстіне жасыл-ақ түсті жолақ сызықтары бар футболка, қара шорты киген, аяғында – ақ бауы бар көк түсті кроссовка бар.

Басқа ерекше белгілері жоқ.

Полиция Месут Мырзақұловтың қайда екенін білетін адамдар тез арада 8778-798-00-77; 8701-739-53-94; 8-708-924-82-07 телефондарына немесе 102-ге хабарласуын сұрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында аулада ойнап жүрген 7 жастағы баланың жоғалып кеткені хабарланған болатын. Кейін оның денесі ауыл маңынан табылды. Тәртіп сақшылары күдікті ретінде ауыл тұрғынын ұстады. Оны соңғы рет баланың жанында көргендер бар.

Сонымен қатар Грузиядағы туыстарына қонаққа барып, карантинге байланысты ұзақ уақытқа қалып қойған 13 жастағы алматылық Илья Пилпанидің жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.

Жеткіншек 18 шілде күні велосипедпен серуендеу үшін үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Одан әлі күнге дейін хабар жоқ.

Сонымен қатар NUR.KZ редакциясына 2018 жылдың желтоқсанында жоғалып кеткен Қызылорда облысы, Қараөзек ауылының тұрғыны Әшірхан Хайдаровтың туыстары хабарласты. Із-түзсіз кеткеніне көп уақыт болса да, олар жақынының тірі екеніне сенімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872105-almatyda-togyz-zastagy-bala-zogalyp-ketti-foto/

pixel