Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан шенеуніктері мен олардың отбасына шетелден шот ашуға тыйым салынады

Опубликовано:

Жемқорлық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қаржы министрлігінің басшысы министрлер кабинетіндегі онлайн жиналыста елдегі көлеңкелі экономикамен қалай күресетіндерін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерұлан Жамаубаев оның басқармасы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жоспарын жаңартып, оффшорлық юрисдикцияларға ақша аударымдары бойынша заңнаманы жетілдіретіндігін айтты.

Соның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі қаржылық шараларды әзірлеу тобының ұсынысы бойынша мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектордың тұлғалары үшін шетелдік шоттарды ашуға және олардың болуына тыйым салу жоспарлануда.

Бұл тыйым сондай-ақ шенеуніктердің отбасыларына да салынады. Сонымен бірге, салық органдарына кәсіпкерлік субъектілерінен соңғы бенефициарлар туралы ақпарат алу құқығы заңнамалық тұрғыдан бекітілетін болады.

Сонымен қатар ЭЫДҰ елдерінің салық органдары арасындағы ақпарат алмасу шеңберінде ел резиденттерінің қаржылық есепшоттары туралы ақпаратты талдау жоспарланып отыр.

Сонымен бірге экономикалық тергеу қызметінің қызметін мұнай мен мұнай өнімдерінің, акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына, капиталды заңсыз әкетуге, бюджет қаражатын жымқыруға және ысырап етуге, оның ішінде квазимемлекеттік секторда, салық төлеуден жалтару және жалған шот-фактуралармен күреске бағыттау жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған жолдауында қос азаматтығы бар шенеуніктерді жұмысынан бостау керектігін мәлім етті.

Сондай-ақ ол өмір сүру сапасын жақсарту үшін ауыл әкімдерін халықтың өзі сайлайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872133-kazakstan-seneunikteri-men-olardy-otbasyna-setelden-sot-asuga-tyjym-salynady/

pixel