Бақыт сабақтары: Әлемдегі ең ерекше мектеп пәндері туралы білесіз бе

Опубликовано:

Қаржы сауаттылығы
Көрнекі фото: bigpicture.ru

Көптеген елдерде балалар дәстүрлі әдебиет, математика және дене шынықтыру пәндерімен қатар ересектерді таңғалдыратын көпке бейтаныс пәндерді оқиды. KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасай отырып, әлемнің әр түкпірінде оқытылатын ең ерекше мектеп пәндері туралы баяндайды.

Ресей: Қаржылық сауаттылық

Ресейлік мектептерде қаржылық сауаттылық бағдарламасы оқытылады. Әзірге курс факультативті сабақ түрінде ұсынылады. Пилоттық жоба Дүниежүзілік банк және РФ Қаржы министрлігі сияқты ірі агенттіктермен бірлесе отырып жасалған. Балалар ақшаны дұрыс басқаруды, отбасылық кірістер мен шығыстарды жоспарлауды үйренеді. Ең бастысы, оларға қаржылық алаяқтықты тану үйретіледі.

Халық биі
Көрнекі фото: bigpicture.ru

Армения: Халық билері

Бұл елде халық биі хореографиясы арнайы курс болып есептеледі. Билік осылайша оқушыларға бай мәдени дәстүрді сіңіре аламыз деген сенімде. Балалар халық биінің тарихын зерттейді, күрделі хореографиялық композицияларды меңгереді. Ерекше мектеп пәнін білу қатаң түрде бағаланады. Егер сіз халық биі бойынша емтиханды сәтсіз тапсырсаңыз, оңайлықпен екінші жылға қалып қоюыңыз мүмкін.

Орман мектебі
Көрнекі фото: bigpicture.ru

Ұлыбритания: Орман мектебі

Ағылшын балалары кішкентай кезінен орманды шарлауға үйретіледі. Мектепте "дұрыс" бұтақтарды таңдау арқылы от жағуды үйренуге болады екен. Урбанизацияланған балаға күрке салу пайдалы бола ма, белгісіз, бірақ ол болашақта орманда адасып қалмайтыны сөзсіз. Мектеп курсы "Орман мектебі" деп аталады. Пән төменгі сыныптарда оқытылады.

Аралар
Көрнекі фото: bigpicture.ru

Башқұртстан: Мектептегі ара шаруашылығы

Башқұртстан әлемдегі ең жақсы бал өндіретін мемлекет. Ал қазір ара өсірушілерді мектептен бастап дайындайды. Жүзден астам мектеп озық технологиямен жабдықталған омарташылығымен мақтана алады. Ерекше назар аударатын жайт, ара ұясын баптаумен және бал жинаумен тек мектеп оқушылары айналысады. Сонымен қатар, оларға қауіпсіздік техникасы, ара биологиясы, бал өсімдіктерінің түрлері және тағы басқалар үйретіледі. Башқұртстан билігі жаңа пәннің енгізілуі жергілікті омарта шаруашылығына үлкен көмек болады деп санайды.

Бақыт сабағы
Көрнекі фото: bigpicture.ru

Германия: Бақыт сабақтары

Неміс билігі бақытты болуға үйренуге болады деп есептеп, кейбір мектептерде пилоттық жобаны іске асырды. Пәннің арнайы оқытушылары жоқ. Сондықтан Гейдельберг мектебінің жетекшісі курсты өзі оқытады. Балаларды бақытты болуға, үйлесімділікте өмір сүруге, жүректерін тыңдауға үйретеді. Бақыт емтихандарын елестету қиын, сондықтан ондай емтихан жоқ. Жыл соңында балалар "жақсы адам" атағы үшін видеоролик ұсына алады немесе қайырымдылыққа қатыса алады.

Балалар суда
Көрнекі фото: bigpicture.ru

Австралия: Серфинг сабақтары

Кәсіби серфингшілер австралиялық толқындармен бәсекелесудің қаншалықты қиын екенін біледі. Оларды әлемдегі ең үздік деп бекер айтпаған. Жасыл континенттің билігі көшбасшылықты сақтауға тырысады. Осы мақсатта мектептерде серфинг сабақтары өткізіледі. Жас толқын бағындырушылар оқуды жағада бастайды, онда олар тақтаймен жұмыс істеуге, тепе-теңдікті сақтауға үйренеді. Сарапшылардың пікірінше серфинг ағзаны керемет жаттықтырады, табиғатпен үйлесімді өмір сүруге үйретеді. Сондықтан туристер жергілікті толқындарды бағындырушылардың шеберлігінен озамын деп үміттенбегені абзал.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қарапайым айфонмен түсірілген 2020 жылдың ең үздік суреттерін ұсынған едік.

Еске салсақ, бұған дейін бояумен кез келген жұлдыздың "көшірмесіне" айналатын жігіт көптің таңдайын қақтырғанын жазған болатынбыз. Визажист әрі дизайнер Алексис Стоун шебер бояна алуының арқасында кез келген жұлдыздың "егізіне" айнала алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872190-bakyt-sabaktary-lemdegi-e-erekse-mektep-pnderi-turaly-bilesiz-be/