Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында жаңа қала пайда болуы мүмкін

Опубликовано:

Ташкентте
Көрнекі фото: chistoprudov.livejournal.com

Өзбекстанда астана маңында жаңа спутниктік қала және индустриалды аймақ салынуы мүмкін. Жоба бойынша бұл аумақтардың кейбір учаскелері Қазақстанмен шектеседі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаланы құру туралы тиісті жоба талқылануда - ол Өзбекстан парламентінің төменгі палатасында жасалды.

Егер жоба мақұлданса, оның құрылысына Ташкенттің Алмазар ауданының жанында орналасқан ауданының 493,5 га жері беріледі.

Gazeta.uz басылымының хабарлауынша, құжатта осы аумақтың көп бөлігін (348,8 га) жеке егістік жерлер алып жатқандығы көрсетілген.

Сондай-ақ, жобаға сәйкес бұл аумақтардың кейбір бөліктері Қазақстан мен Өзбекстан шекарасына жақын орналасқан. Жоба 8 қыркүйекке дейін талқыланады.

Басылым ел президенті Шавкат Мирзиёевтың бұл қаланы құру туралы маусым айының басында жариялағанын жазады.

Содан кейін ол қаланың 260 гектар аумақты алып жатқанын айтты. Сөзінше, қалада ені 20 метр бақшалар, жаяу жүргіншілер зоналары, веложолдар, 14 шақырымдық жағалау аймағы, сондай-ақ сауда нүктелері болады, соның арқасында кем дегенде 5 мың жұмыс орны бөлінеді.

Сондай-ақ, ол осы аумақта 200 гектар жер бөліп, жаңа индустриалды аймақ ұйымдастыруды ұсынды. Мұнда кем дегенде 60 мың жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін деген болжам жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанның Самарқанд қаласында ер адам әйелін әдемі болғаны үшін үстіне бензин шашып, өртеп жібермек болған еді.

Сондай-ақ, бұған дейін Өзбекстанда коронавирустың салдарынан той-думан агенттіктерінің жабылып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872254-kazakstan-men-zbekstanny-sekarasynda-zaa-kala-pajda-boluy-mmkin/

jitsu gif