Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыз ақыны президент алдында елдегі "былықтарды" өлеңмен жайып салды (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: ky.kloop.asia

Қырғызстанның тәуелсіздік күніне арналған концертте президенттің алдында өнер көрсеткен танымал ақын Аалы Тұтқышев елдегі жағдайды өлеңмен баяндап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, айтыскер ақын "шіріген ескі жүйенің медицинаны да шіріткенін" айта келе, 60 мың долларға жедел жәрдем көлігінің сатып алынғанын еске түсірген.

Сонымен қатар, ол бұл саладағы жемқорлыққа қарамастан, дәрігерлердің коронавирусқа қарсы күресте бірігіп, вирусты найзамен емес, инемен жеңгенін жеткізді. 

Одан бөлек, Аалы Тұтқышевтің халықты тонап жатқан "дөкейлер", танысы жоқты қорлаған тас жүрек судьялар, ақша ұрлайтын кеден бекеттері мен дауыс ұрлайтын сайлаушылар туралы да сөз қозғағаны белгілі болды.  

"Шала сауатты шаштан көп, танысы барлар тастан көп, көмескі талай істерді көрсетпей жасап жатқан көп", – деп ашынды ақын.

Оның сөзінше, аталған салалардың барлығын цифрлық жүйеге ауыстырса, халық бәрін онлайн режимде бақылайтын еді. Осы кезде заңсыз әрекет те азаяды, дейді Тұтқышев.

Салтанатты жиынға Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков, жоғары лауазымды шенеуніктер және бірқатар қонақтар қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872260-kyrgyz-akyny-prezident-aldynda-eldegi-bylyktardy-lemen-zajyp-saldy-video/

pixel